Mile High Club ("Аспандағы Миля" клубы) – бір мильден (1,6 шақырым) жоғары биіктікте кездесуді ұнататындар клубының жаргон атауы. Лас-Вегаста әуесқойлар үшін осындай ерекше ұсыныс іске қосылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.
Жергілікті компаниялардың бірі жолаушыларға екі қозғалтқышты Cessna 414 ұшағының кабинасында кездесу ұйымдастыруды ұсынды. Ұшақ өте жинақы және ішінде ешқандай қабырғалар жоқ. Жолаушылар мен ұшқыштың арасын перде бөледі.
Фото @lovecloudvegas.com
Компанияның сайтында бортта сымсыз дыбыс және жарық жүйелері орнатылғаны көрсетілген. Сонымен қатар, ұшқыш шу естілмейтін құлаққап тағады және оның артында не болып жатқанын естімейді. Ішінде екі орындық төсек, қызыл атласты төсек жабдықтары және түрлі жастық бар.
Фото @lovecloudvegas.com
Сондай-ақ, жолаушыларға қалаған музыкасын қоюға немесе борттағы коллекциялардан таңдауға рұқсат етіледі.
Ұшақ қажетті биіктікке (1,6 шақырым) 5-10 минутта жетеді, содан кейін жолаушылар қауіпсіздік белдіктерін шеше алады.
Ұшу 45 минуттан бір жарым сағатқа дейін созылады. Ұшақ ұшып шыққан әуежайына қонады. Ұшақты 45 минутқа жалға алу 995 доллар (428 623 теңге), бір жарым сағатқа - 1 495 доллар (644 012 теңге) тұрады.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!