Лас-Вегас әуежайында екі ұшақ соқтығысты

Лас-Вегас әуежайында екі ұшақ соқтығысты, соның салдарынан төрт адам қаза тапты, - деп хабарлайды Fox News.

Оқиға 17 шілдеде шамамен жергілікті уақыт бойынша 12-лер кезінде болған. Федералды азаматтық авиация басқармасының алдын ала мәліметі бойынша, бірмоторлы Piper PA-46 ұшағы қонуға бағыт алған кезде тағы бір бірмоторлы Cessna 172 лайнерімен соқтығысқан. Екі ұшақтың да бортында екі адамнан болған. 

Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. 

Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!