Лангкави аралы, Малайзия. Фото @Tourism Malaysia Лангкави аралы, Малайзия. Фото @Tourism Malaysia

Лангкави аралы вакцина алған туристер үшін ашылды


"Спутник V" вакцинасын алған қазақстандық туристер үшін Малайзия шекарасы ашылады. Ел үкіметі Лангкави аралын ашып, халықаралық туризмді қайта бастау туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі. 

Малайзияның Қазақстандағы елшісі Дато Саид Мохаммад Бакридің айтуынша, Малайзия үкіметі шетелдік туристердің аралға кіруі үшін хаттамаларды бекітті және Tourism Bubble пилоттық бағдарламасын іске қосты. Бұл аралда кем дегенде үш күн болу мерзімі бар толық вакцина алған саяхатшыларға карантин қарастырылмайды дегенді білдіреді. Сонымен қатар, ПТР-тестінің теріс нәтижесі 72 сағаттан аспауы керек.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Luxury Travel and Hotels (@luxurytravelandhotels)

Малайзияның Қазақстандағы елшісінің айтуынша, Лангкави аралы - балалы отбасылар үшін оңтайлы бағыт. Сондай-ақ, ол Лангкавидегі демалыс жас жұбайлар үшін оңтайлы екенін атап өтті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды