Қызыл кітапқа енген құстар табиғи ортаға жіберілді

Қазақстандағы жек-дуадақ популяциясын қалпына келтіру бойынша әзірленген бағдарламаның аясында жыл сайын Біріккен Араб Әмірліктері мен Қазақстанның тәлімбақтарында өсірілген жек-дуадақ балапандары табиғи ортаға жіберіледі, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Биыл бұл жұмыс 26 сәуірде басталып, қазіргі таңда жалпы саны 720 дарақ жек-дуадақ құсы Жетісу облысында табиғатқа жіберілді.

Оның 450-і БАӘ-нің тәлімбағынан болса, 270-і еліміздің Түркістан облысында өсірілген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!