Америкалық студент қызбен ерекше кездесу үшін жеңіл моторлы ұшақты жалға алып, айналып тұрған винтке түсіп қайтыс болды, - деп хабарлайды Mirror.
Атланта қаласында 21 жастағы Сани Алию есімді жігіт бір моторлы Cessna ұшағын жалдап, өзі оқып жатқан Стетсборо қаласынан 88 шақырым жердегі Саванна қалашығына қызымен тамақтануға бармақ болған.
Кездесу өткеннен кейін Стейтсборо әуежайына қонған ұшақтан қыз бала бірінші түскен, артынша жігіт те түсіп, алдынан айналып өтпек болғанда оталып тұрған қозғалтқыштың винті тиіп кеткен. Америкалық алған жарақатынан қайтыс болды.
Федералды авиациялық басқарма мен Көліктегі қауіпсіздік бойынша ұлттық кеңес осы жағдайға байланысты тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Буллок округының полиция өкілдері оқиғаның жазатайым жағдай екенін мәлімдеген.