Қытайлық туристер Беларусьте қатты дауыл мен жаңбыр астында қалды

Видеодан скрин

Беларуське көлікпен саяхатқа келген қытайлық туристер Витебск облысында қатты дауылға тап болып, қайтыс бола жаздады. Бұл туралы РИА Новости жазды және оқиға орнынан куәгерлер түсірген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Беларуське көлікпен саяхатқа келген қытайлық туристер Витебск облысында қатты дауылға тап болып, қайтыс бола жаздады. Бұл туралы РИА Новости жазды және оқиға орнынан куәгерлер түсірген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Желідегі кадрлардан туристердің кішкентай орманмен қоршалған жолда қалай жүргенін көруге болады - сыртта жаңбыр жауып тұр, жел күшейіп, бірнеше ағаш түбімен қопарылып, құлап жатыр.

Реклама
Реклама

Бір кезде ағаш көлік жолына құлады. Жүргізуші бірден тоқтап, кері қайтып, көлікті жол жиегіне қойды.

Нәтижесінде дауыл туристерге зиян тигізбеді, бірақ көліктің төбесі мен алдыңғы жағы құлаған ағаш салдарынан бүлінді.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная