Қытайлық азамат ұшақта өзге жолаушының қомақты қаражатын қолды қылған

© pixabay.com

Ыстамбұлдан - Бішкекке бағыт алған ұшақта Қытай азаматы ресейлік жолаушының арқа қоржынынан 6700 долларды ұрлаған, - деп хабарлайды "Сводка АКИpress".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ыстамбұлдан - Бішкекке бағыт алған ұшақта Қытай азаматы ресейлік жолаушының арқа қоржынынан 6700 долларды ұрлаған, - деп хабарлайды "Сводка АКИpress".

Ресейлік азамат құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне өте берістегі креслоға жайғасып, сөмкесін орындық арқасында іліп қойғанын айтыпты. Ұшақ әуеге көтерілісімен ол ұйықтап қалған, ал оянған соң суы бар шөлмекті алғысы келген. Осы кезде ол арқа қоржыны басқаша жабылғанын байқайды. Ер адам бірден қоржынға салған он мың доллардай ақшасы орнында ма деп тексере бастапты. Ал ақша бумасын алып шыққанда, оның айтарлықтай азайып қалғанын байқаған.

Реклама
Реклама

Ол бірден артында отырған адамнан көмек сұрапты, осы кезде артындағы адам өзге жолаушыны нұсқап, Қытай азаматы оның қоржынына қол салғанын айтқан. Мұны байқай сала қытайлық асыға-үсіге дәретханаға бет алыпты, алайда қайтып келісімен ұсталып қалды. Олар күдіктіні бортсерікке апарып, жағдайдың анық-қанығына көз жеткізбек болған. Экипаж қызметкерлері дәретхананы ақтарып, қағаз тұратын орыннан жасырулы тұрған 6700 долларды тауып алыпты.

Әуе кемесі Бішкекке қона салысымен ұрыны заң қызметкерлері ұстады. Сот оны 100 мың сом (526 мың теңге шамасында) айыппұл төлеуге міндеттеді. Сонымен қоса, оны Қырғызстаннан депортациялау туралы шешім қабылданған.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная