Мәліметтер бойынша, Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары арасында қазақстандықтар болған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ жолаушылары арасында біздің азаматтар жоқ", - делі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілі.
China Eastern Airlines компаниясының ұшағы 21 наурызда Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан аймағында апатқа ұшыраған еді. Бортта 132 адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланбады.
Кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинге көңіл айту жеделхатын жолдады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!