Қытайдың Шицзячжуан қаласында COVID-19 жаппай таралуына байланысты жалпыкарантин және әскери жағдай енгізілді, - деп хабарлайды Daily Mail.
Мегаполис билігінің мәліметіне қарағанда, 11 миллион халық тұратын қалада тәулігіне 120 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Бұл - елдегі соңғы бес айдағы ең жоғары көрсеткіш.
Қазір қаланың кейбір ауданына кіруге тыйым салынды, балабақшалар жабылды, бастауыш және орта мектеп сабақты уақытша тоқтатты, тұрғын үй кешендері жабылды, пошта тасымалы тоқтатылды.
Сондай-ақ Бейжің провинцияға медицина персоналын жіберді. Қалада барлық тұрғын анализ тапсыруы үшін 5 мың тестілеу пункті ашылды. Бұған дейін де мұндай шара вирус жаппай таралып жатқанда қабылданатын.
Мемлекеттік China Daily газеті Шицзячжуан қаласының Гаочэн ауданында үш шенеунік қызметінде немқұрайлы болғаны үшін жазаланғанын жазды. Алдын ала мәліметке қарағанда, коронавирустың жаппай таралуына британиялық штамм себеп болып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!