Қытайда туристерге арналған әлемдегі ең ұзын канал ашылды

© pixabay

1 қыркүйектен бастап туристер Бейжің - Цанчжоу үлкен каналының бойында орналасқан Цанчжоу тарихи жән мәдени жәдігерлермен таныса алады, - деп хабарлайды Breaking Travel news.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

1 қыркүйектен бастап туристер Бейжің - Цанчжоу үлкен каналының бойында орналасқан Цанчжоу тарихи жән мәдени жәдігерлермен таныса алады, - деп хабарлайды Breaking Travel news.

Цанчжоу қаласының орталығы әлемдегі ең ұзын әрі жасанды өзеннің бойында орналасқан. 1 қыркүйектен бастап келушілер Ежелгі Қытай су жолындағы жауһарларымен таныса алады. Цанчжоу гранд-каналының 13,7 шақырымы ашылған. 

Бейжің - Цанчжоу үлкен каналы 1794 шақырымға созылған. Оның тарихы 2500 жылдан асады. Канал Бейжіңнің солтүстігінен басталып, Цанчжоу оңтүстігінен аяқталады. Бұл Ежелгі Қытайда маңызды транспорттық артерия ретінде қызмет еткен. 2014 жылы каналдың 1000 шақырымнан аса бөлігі ЮНЕСКО бүкіләлемдік мұра нысаны ретінде жарияланды. 

Реклама
Реклама

2021 жылы гранд-каналдың жағалауында 67 мың аркалық ағаш отырғызылған. Жасанды өзен бойында туристерге арналған 12 айлақ, 6 жаңа көпір салынып, тағы сегізі жөндеуден өткен. Өзен бойында 15 круиздік лайнер туристерді тасымалдайды. Туристер негізінен жүздеген Арыстандар бағын, Каналдар саябағын, Наньчуаньлоу мәдени кварталын, Garden Expo саябағын көруге құмар. Сондай-ақ, мұнда балалар алаңы, спорттық саябақ, тамақтану және орналасу нысандары жетерлік. 

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная