Қытайда найзағайдан алты адам қаза тапты

Фото:depositphotos.com

Жексенбі, 11 тамызда Чанчжоудағы саябақта найзағай соғуы салдарынан алты адам қаза тауып, он адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жексенбі, 11 тамызда Чанчжоудағы саябақта найзағай соғуы салдарынан алты адам қаза тауып, он адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

The Standard басылымы мәліметінше, ауа райы бұзылғанда саябақта демалушылар шатырдың астына тығылған. Құрылымға найзағай түсіп, ол құлағанда адамдарды басып қалған.

Апат салдарынан алты адам қаза тауып, тағы он адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қытайлық БАҚ мәліметінше, биылғы жазда ауа райы қолайсыз болады: шығыс пен оңтүстікте қатты жауын-шашын, ал солтүстіктің көп бөлігінде аптап ыстық.

Реклама
Реклама

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама