Қытайда қонақүй опырылып, бір адам қайтыс болды

Дүйсенбіде Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясының Сучжоу қаласында қонақүйдің бір бөлігі опырылды. Салдарынан бір адам қайтыс болды, тағы 10 адам табылмай жатыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

Қытайдың Орталық телеарнасының мәліметінше, қайғылы жағдай дүйсенбі түстен кейін болған. Қонақүйдің атауы - "Сыцзи Кайюань". Әзірге апаттың себебі белгісіз. Жергілікті уақыт бойынша сағат 18.40-дағы (Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 16.40) мәліметке сүйенсек, үйіндінің астында қалған сегіз адам шығарылды, олардың біреуі қайтыс болды, төрт адамның жағдайы тұрақты, үшеуіне медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Оқиға орнында іздестіру-құтқару операциясы жалғасуда. Құлаған кезде қонақүйде қанша адам болғаны туралы ресми мәліметтер жоқ.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!