Қытайда 22 миллионнан аса адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған

©REUTERS

Қазіргі уақытта Қытайда 22 миллионнан аса адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет басшысының орынбасары Цзэн Исиннің айтуынша, вакцинацияланғандардың саны барлық өңірде үздіксіз артып келеді. Бұл туралы РИА Новости жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазіргі уақытта Қытайда 22 миллионнан аса адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет басшысының орынбасары Цзэн Исиннің айтуынша, вакцинацияланғандардың саны барлық өңірде үздіксіз артып келеді. Бұл туралы РИА Новости жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қауіпсіз және әсерлі вакцинация эпидемияның алдын алу мен бақылауға тиімді, қазіргі уақытта Қытайда COVID-19 вакцинациясы бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп жатыр, вакцинацияланғандардың саны барлық өңірде үнемі артып келеді", - деді Исин брифингте.

Реклама
Реклама

Ол "26 қаңтардағы жағдай бойынша, Қытайда COVID-19-ға қарсы вакцина алғандардың саны 22,76 миллионнан асқанын" атап өтті.

Бұған дейін Қытай билігі бірінші кезеңде вакцинаны кеден қызметінің инспекторлары, медицина қызметкерлері, жұмысы импортталған мұздатылған өнімдермен байланысты адамдар, теңіз және авиация саласында жұмыс істейтін қызметкерлер, теңіз өнімдері, қоғамдық көлік нарықтарының және құқық қорғау органдарының қызметкерлері алатынын айтқан болатын. Сонымен қатар, вакцинация эпидемиологиялық жағдайы қиын елдерге жұмысқа немесе оқуға баратын адамдарға да жүргізіледі.

Екінші кезеңде вакцина нарыққа шықса немесе оны өндіру көлемі ұлғайған кезде, вакцинацияланатын адамдардың ауқымы кеңейеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная