Қытай шекарасы туристер үшін қашан ашылады?

Қытай билігі 8 қаңтарда шетелдік туристер үшін шекараны ашады. SCMP басылымы антиковидтік шаралардың жеңілдейтінін хабарлады.

Азиядағы ең танымал елге келетін барлық туристер карантиннен босатылады, алайда күмәнді ауру белгілері анықталған жағдайда турист міндетті түрде оқшауланады.

Басылым мәліметінше, ҚХР 8 қаңтарда жұқпалы аурулар рейтингінде COVID-19 классификациясы А санатынан В санатына дейін төмендегеннен кейін демалушылар үшін елді ашуды және карантиннен бас тартуды жоспарлап отыр. 2020 жылдан бастап Қытайда коронавирус тырысқақ пен оба сынды жоғары санатты жұқпалы ауру түрі ретінде есептеледі.