Қытай халқының саны күрт азайған

Былтыр Қытай халқының саны 850 мың адамға азайған. Мұндай мәліметті "Хабар 24" телеарнасы ҚХР мемлекеттік статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Халық санының мұндай мөлшерде азаюы 60 жылдан бері бірінші рет болған. 2022 жылдың желтоқсан айында халықтың саны бір жарым миллиард адам болған. Бала туу көрсеткіші де күрт төмендеп кеткен. Былтыр бұл елде 9,5 миллион бала дүниеге келген, 2021 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 10 пайызға кем.

Негізінен, елдегі экономикалық даму, өмір сүрудің қиындауы және білім беру саласының қымбаттауы қатты әсер еткен. Экономистерінің болжамы бойынша, алдағы бес жылда қытай халқының саны тағы азаяды екен.