Қытай әуекомпаниялары халықаралық рейстер бойынша рекорд орнатты

Қытай әуекомпаниялары бейсенбіде халықаралық рейстер бойынша рекорд орнатты, олар бір күнде 200 халықаралық рейс орындаған, - деп хабарлайды "Цайлянь" агенттігі.

"Фэйчанчжунь" платформасының мәліметіне сәйкес 8 желтоқсанда Қытай әуекомпаниялары халықаралық бағыттар бойынша 200-ден аса рейспен жолаушыларды тасымалдаған, оның ішінде Гонконг, Макао және Тайваньда бар. Бұл дегеніміз бір күнде іске асырылатын рейстер бойынша рекорд болған.

1-7 желтоқсан аралығында рейстер саы 63 пайызға өскені айтылады, орташа есеппен әуекомпаниялар күніне 185 рейсті жүзеге асырып отырған.

ҚХР денсаулық сақтау мәселесі бойынша мемлекеттік комиттет 11 қарашада антиковидтік саясаттың оптимизациялануының 20 шарасын жариялаған еді. Ендігіде шетелден келетіндер үшін карантинде болу уақыта сегіз күнге (бес күн орталықтандырылған карантинде және үш күн үйдегі оқшаулану) қысқарған.

Сонымен қатар, қазір Қытайда рейске отыру үшін 48 сағат бұрын жасалған бір ПТР-тестінің теріс сынамасын көрсету жеткілікті. Бұрындары екі тест сынамасы сұралатын.