Қырымда қонақүй меймандары толықтай қауіпсіз жерге көшірілді

Фото: ПВА/T.me

Қырымда ауа райының қолайсыздығына байланысты қонақүй меймандары эвакуацияланды. Бұл оқиға дүйсенбіде түнгі уақытта Евпаторияда болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қырымда ауа райының қолайсыздығына байланысты қонақүй меймандары эвакуацияланды. Бұл оқиға дүйсенбіде түнгі уақытта Евпаторияда болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Евпаториядағы "Рибера" қонақүйінен 100 адам эвакуацияланды. Барлығы басқа қонақүйлерге орналастырылды. Оның 50-і турист, қалғаны қонақүй қызметшілері", - дейді Қырым басшысының кеңесшісі Олег Крючков.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, Қырымда осы ауа райының қолайсыздығынан алты адам зардап шеккен. Эвакуация жұмыстары біршама аймақта жүргізілген.

Реклама
Реклама

Кеңесші қала тұрғындарына үндеу жариялады. Ол жеке көлікпен көшеге шықпауды өтінген.

"Апатты жағдайда жұмыс істейтін бригадалар өз қызметіне кірісті. Қатты соққан жел мен толқын салдарынан Қырымның біршама ауданы жарықсыз қалды", - дейді ол.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная