Қырғызстанда мұз көшкіні салдарынан шетелдік турист зардап шекті

Ұлыбритания азаматы Қырғызстанда мұз көшкіні салдарынан зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости республиканың ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мұздардың тау шыңынан сырғып келе жатқанын видеоға түсірген туристердің бірі аяғынан жеңіл жарақат алды және сол күні "Құмтөр" мекемесінің дәрігерлерінің көмегіне жүгінді", - деді ТЖМ өкілдері. 

Таяуда республиканың Төтенше жағдайлар министрлігі Ыстықкөл көлінің оң жағалауына жақын маңдағы Джжуку шатқалында мұз көшкіні жүргенін хабарлаған. Шамамен екі миллион текше метр мұз көшкен. Соның салдарынан малды айдап өтуге арналған көпір бүлінген. 

Мұз көшкінін шетелдік туристер видеоға түсіріп үлгерген. Осы оқиғаның видеосын саяхатшы Гарри Шиммин әлеуметтік желіде жариялады. Джууку шатқалы - Қырғызстандағы ең ұзындарының бірі. Онымен көптеген туристік бағыттар жүргізілген.