Қырғызстан тауларында альпинистер тобы із-түссіз жоғалып кетті

© pixabay.com/Kanenori

"Қырғызстан тауларында төрт альпинист жоғалып кетті, олардың үшеуі - ресейлік және Литваның бір азаматы. Бұл туралы елдің ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қырғызстан тауларында төрт альпинист жоғалып кетті, олардың үшеуі - ресейлік және Литваның бір азаматы. Бұл туралы елдің ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Он бірінші шілдеде альпинистер "Ақсай трэвел" компаниясы және туристік сақтандыру полисімен келісімшарт жасап, Ыстықкөлдегі лагерьге қоныстанды. Сол күні Жеңіс шыңына аттанды. Соңғы рет туристер тобы 6900 метр биіктікті бағындырып, 19 шілдеде байланысқа шыққан", - дейді баспасөз қызметінің өкілі.

Реклама
Реклама

Оның сөзінше, "Ақсай трэвел" топтың спутниктік телефонының орнын анықтап, 24-26 шілдеде жалға алынған тікұшақпен іздеу операциясын жүргізді, алайда одан нәтиже шықпады.

Министрлікте нақтылағандай, 27 шілдеде Ресейдің ТЖМ-не жедел-іздеу шараларын өткізу бойынша ресми сұраныс түсті. Сол кезде альпинистерді іздеуге "Эдельвейс" отрядының 7 құтқарушысы мен Қырғызстанның республикалық жеке құтқарушы отрядының 16 қызметшісі қосылды.

"Қазіргі таңда ТЖМ қызметкерлері көшкін жүру мен шыңға шығудың бақса да қатерлерін ескере отырып, іздеу жұмыстарын қауіпсіздік шарасын қатаң ұстанып жүргізуде", - деп атап өтті ведомствода.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная