Қырғызстан президенті туристер санының бес есеге артқанын мәлімдеді

Жыл басынан бері Қырғызстанға келген туристер саны 5 миллионнан асты. Бұл туралы "Россия-1" телеарнасының журналистеріне берген сұхбатында республика президенті Садыр Жапаров мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Қырғызстан Президенті бұл әдеттегіден бес есе көп екенін атап өтті.

"Бізге Қырғызстанға ресейлік бизнесмендер, Ресей азаматтары көп келеді. Әдетте бізде бір миллион турист болды, ал биыл бес миллионнан асты. Бұл Ресейдің, Ресей азаматтарының есебінен өсті. Болашағы жақсы", - деді Жапаров.

Республика президентінің айтуынша, ресейлік бизнесмендер көп келеді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!