Курортта есінен танып қалған саяхатшы қызды өз отандасы зорлаған

Ұлыбританиялық турист қыз Испанияның Магалуф курортындағы қонақүйде зорланды, - деп хабарлайды The Sun.

Оқиға 15 шілдеде болған. Жас әйел туристер арасында танымал Пунта Баллена көшесіндегі түнгі клубтардың бірінде өз отандасын кезіктіріп, танысқан. Қыз бала құқық қорғау органдарына айтқанына қарағанда, ол өз отандасының қонақүй нөмірінде есінен танып қалған, ары қарай есін білмейді. 

Қыз бала есін жиған кезде жанында кеше танысқан жігітті көрген. Ол дереу полицияға хабарласып, зорланғаны туралы айтқан. Тағы бір күннен кейін күдікті ұсталды. Ер адамның айтуынша ол қызбен жыныстық қатынасқа түскен, алайда барлығы өзара келісіммен болған. Тергеу жалғасып жатыр. 

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!