Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Күннің батуын тамашалаған турист жартастан құлады


Турист әдемі жерде күннің батуын тамашалап, абайсызда 25 метрлік жартастан құлады. Бұл туралы Daily Mail жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Сейсенбі, 6 шілдеде бразилиялық турист Фернанда Морелла (Fernanda Morella) туған күнін Австралиядағы Брисбенге жақын жерде орналасқан атақты Кенгуру-Пойнт жартасында атап өтуге келген. Қыз күннің батысын тамашалап отырғанда 25 метр биіктіктен құлап кеткен. Оның денесі жергілікті уақыт бойынша 17:00-де таудың етегінен табылды.

Оқиға орнына келген дәрігерлер оның қайтыс болғанын анықтады. Қазір мемлекеттік полиция өлімнің мән-жайын тергеп жатыр.

Кенгуру-Пойнт жартастары - бұл қаланың дәл орталығында Брисбен өзенінің жағасында орналасқан арқан мен өрмелеуге арналған танымал орын.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Саяхатшы жұлдызнамасы: 2022 жылы қайда бару керек
Мысырға аяз келді
Мысырға аяз келді
Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды Пышақты ерекше жолмен алып өтуге тырысқан турист әуежайда ұсталды