"Күлден тұрған тұман". Ең қорқынышты да, сұлу жанартауларға саяхат

Вулкандарға тур - демалыстың ең қызықты, әрі экстремалды түрінің бірі. Мұндай саяхат кез келген уақытта атқылау қаупіне байланысты қорқыныш сезімін тудырады, өйткені вулканның қай кезде атқылап кететінін ешкім болжап біле алмайды. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге әлемдегі ең үрейлі, әрі әдемі жанартаулар туралы баяндайды.

Рейтинг Pandotrip, Escales және Rough Guides порталдарының ақпаратына негізделіп дайындалған.

Килиманджаро, Танзания

Асқақ Килиманджаро - ұйқыдағы алып тау, Африкадағы ең биік жанартау. Килиманджарода іс жүзінде атқылау болмаған, бірақ жергілікті аңыздарға байланысты 150-200 жыл бұрын болған дейді. Ғалымдар жанартаудың атқылауы мүмкін деген бірнеше рет болжам жасады, бірақ ол орындалмады.

Килиманджаро - стратовулкан, конус пішінді, лава, тефра (жанартау бөлшектерінің қалдықтары) және жанартау күлінен тұратын вулканның қатпарлы типіне жатады. Вулкан теңіз деңгейінен 5895 метр биіктікте және Лихтенштейннің 24 штаты сыйып кетер аумақты қамтиды.

Килиманджаро әр түрлі жастағы біріккен үш жанартау шыңдарынан пайда болған: Кибо (5895 метр), Мавензи (5183 метр) және Шира (4005 метр). Олар бірігіп ғажайып жанартау жасайды, оның қарлы шыңдары Африка саваннасының фонында пілдер немесе жирафтар алдыңғы шепке шыққанда фотографтар үшін таптырмас суреттер жасар орын.


Дереккөз: © Shutterstock

Дереккөз: © Shutterstock

Вулканның атауы қайдан шыққандығы және оның қандай мағына білдіретіні белгісіз, бірақ негізгі теорияға сәйкес, жергілікті суахили тайпасының тілінде Килиманджаро "жарқыраған тау" дегенді білдіреді, тағы бір танымал нұсқа бойынша "ызғар шашар құдай тауы" дегенді білдіреді екен.


Дереккөз: © Shutterstock

Альпинистерге міндетті түрде Килиманджароға көтерілу қажет. Есіңізде болсын, сапар бірнеше күнге созылады. Сіз бұл сапарға гидсіз, арнайы құрал-жабдықсыз және арнайы дайындықсыз шыға алмайсыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Anya Adler (@anya_adler)

"Екінші күн. Биіктік 4000 метрге жуықтады, тау дерті де жақындады, ал ұйықтау демалу емес, естен тану іспетті. Таңғы алтыда тұру. Шыққаннан кейін бір сағат өтпей қатты шаршау басты. Ал күн ұзақ, 10 шақырымға жуық. Бұл қалада қыдыру емес, тау-тасқа шығу. Айтпақшы, алғашқы екі күн дайындықпен келген адамдарға жеңіл түседі. Екінші күні ең әдемі өсімдіктерді көресіз. Бұталар, батпақ, мүк, кактустар, өте ерекше гүлдер. Түріне қарасаңыз, солған сияқты, бірақ шын мәнінде тірі", - деп өз әсерімен бөліседі саяхатшы Анна Адлер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Maryna Grankina (@mgrankina)

Килиманджаро Шығыс Африкадағы Танзанияда өзі аттас ұлттық саябақта орналасқан. Танзанияда үш-ақ халықаралық әуежай бар: Дар-эс-Салам (DAR), Килиманджаро (JRO) және Занзибар (ZNZ). Әдетте, тауға сапардың басталуына дейін барлық топтар Килиманджаро әуежайына ұшып келеді, өйткені ол тауға жақын орналасқан. Мұнда Emirates, Turkish Airlines, Qatar Airways, Fly Dubai, KLM, Ethiopian Airlines және т.б. әуекомпанияларының ұшақтары қатынайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от РАС GROUP Воронеж (@pacgroup_vrn)

Келимуту жанартауы, Флорес аралы, Индонезия

Индонезиядағы Флорес аралында таңғажайып үш көлмен шектескен Келимуту жанартауы бар. Олардың әрқайсысы жанартаудың белсенділігіне байланысты түсін мұзды көк түстен жасылға және күңгірт қызылдан қара түске өзгертеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Турбюро Новосибирск (@tbnovosib)

Келимуту өткен 50 жылда атқыламағанымен (соңғы атқылауы 1968 жылы болған), оның болашақта болуы әбден ықтимал. Вулканологтардың айтуынша Келимуту бір жарылса, оның көлдері мәңгілікке жоғалады. Сондықтан дәл қазір саяхатшыларда мұндай сұлулықты көзбен көру мүмкіндігі бар.

Вулкандағы көлдерге барудың ең қолайлы уақыты - мамырдан қыркүйекке дейін. Басқа айларда Индонезияда жаңбыр жиі жауады. Келимуту шыңына шығатындарға күн көзін тамашалау үшін таңертең ерте көтерілу ұсынылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Inga Pavlovskaya | travel muse (@inga.pavlovskaya)

"Бұл керемет таң! Вулканды көптен аңсағандар үшін сый болды", - деп жазады Instagram парақшасында саяхатшы Инга Павловская.

Вулканның биіктігі салыстырмалы түрде төмендеу, сондықтан кез келген адам көтеріле алады. 1639 метр биіктігі Келимутуды танымал туристік орынға айналдырды. Келимуту - әрқайсысы түрлі түспен боялған үш кратер көлінің арқасында танымал туристік орын болып саналады. Көлдердің түсінің өзгеруі керемет әсер қалдырады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Irina (@iiiiiirina)

Айтпақшы, түстердің өзгеруі вулкандық минералдардың мезгіл-мезгіл көлдегі судың түсін өзгертіп, бір-бірімен химиялық реакцияларға түсуіне байланысты. Көлдердің әрқайсысының өз атауы бар - вулканның батысында Тиву-Ата-Мбупу (Қарттар көлі), Тиву-Нуа-Мури-Коох-Таи (Ұлдар мен қыздар көлі) және Тиву-Ата-Поло (Сиқырлы көл).

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?Фотографии со всего света (@_mirvokrug)

Жанартаудың етегінде орналасқан Мони ауылының жергілікті тұрғындары өлгендердің жаны осы көлдерге барады және олардың түсінің өзгеруі олардың ашуланғанын білдіреді деп санайды екен. Ауылдан сіз вулканға үш сағатта көтеріле аласыз немесе көлікпен қиын жолды еңсеруге тура келеді.

Эйяфьядлайекюдль, Судурланд, Исландия

Судурландтағы Эйяфьядлайекюдль жанартауы 2010 жылы атқылап, бүкіл әлемге әйгілі болды. Оның атауы барлық тележүргізушілердің бас ауруына айналды, атауының қиындығы вулканның атқылағанынан да күрделі болды. Оның атқылауы халықаралық әуе бағыттарының жабылып, мыңдаған саяхатшылардың Еуропа әуежайларында қалуына мәжбүр еткен аласапыран тудырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Королева Мария (@koroleva_marie)

Егер жаяу серуендеу немесе биік тауларға шығу жоспарыңызда болмаса, онда Эйяфьядлайекюдль сізге арналады. Сіз оның шыңына жол талғамайтын көлікпен жете аласыз, кәсіби гид сізді сол жерге апарады. Бұл көктайғақ пен қауіпті жолдарға байланысты өздігінен жүретін бағыт емес.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПОХОДЫ В ГОРЫ ? ТУРКЛУБ ПИК (@turclubpik)

Қыста барудан аулақ болыңыз, өйткені бұл уақытта қатты аяз болады. Егер сізге көбірек фотосурет түсіру үшін қосымша күндізгі жарық қажет болса, Исландияға маусым-тамыз аралығында келіңіз, ол уақытта күн ұзақ. Эйяфьядлайекюдль үстінен бұралаңдаған солтүстік сәулесін көру үшін, қыркүйек пен қазан айларында баруды жоспарлаңыз.

Фудзи тауы, Токио, Жапония

Жапониядағы Фудзи атқылауынан үш жүз жылдан аса уақыт өтсе де, жанартау әлі де белсенді болып саналады. Ол Токиоға қарайды және бұл елдің ең биік нүктесі.


Дереккөз: © Shutterstock

Фудзи асқақ тауы жазушылар мен суретшілерді шабыттандырады, олар бұл орынды қасиетті деп санайды. Тау парапланмен ұшудың бастапқы нүктесі, ал қыста ол шаңғы курорты ретінде пайдаланылады.


Дереккөз: © Shutterstock

Фудзи тауының шыңына жету оңай. Мұнда жылына 300 мыңға жуық адам келеді. Бұл жерге шілде мен тамызда жаяу серуендеу жолдары ашық кезде келген дұрыс. Таңертең ерте бастаңыз, өйткені бұл ұзақ жорық. Тауға алыстан тамсанып, ақ шыңды суретке түсіру үшін, қар жауғаннан кейін қарашадан ақпанның аяғына дейін келу керек.

Мауна-Лоа и Килауэа, Гавайи жанартау ұлттық саябағы, Гавай

Гавай жанартауларының ұлттық саябағында әлемдегі ең белсенді вулкандар, сондай-ақ жергілікті тұрғындар барлық жанартаулардың атасы деп атайтын Мауна-Лоа орналасқан. Бұл әлемдегі ең үлкен жанартаулар көшінде екінші орында. Онда 1980-ші жылдардың басынан бері үздіксіз атылып келе жатқан қасіретті Килауэа жанартауы бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Interesting_facts (@polezn_znat)

Бұл - әлемдегі ең жанартауы құбылмалы жерлердің бірі. Мұнда лава ағындарының теңізге қалай құлағанын және жаңа жер құрып жатқанын көруге болады. Мұнда сіз кратердің шетімен жүре аласыз. Қарашадан наурызға дейін жаңбыр мол жауады, қалған уақытта климат тұрақты болып келеді.

Дереккөз: © Shutterstock

Таңғажайып лава ағындарын таң атқанға дейін де, қараңғы түскеннен кейін де жақсы көре аласыз. 2018 жылы Килауэа атқылап, мінез-құлқын әлемге паш еткені бар, содан кейін жақыннан көруге уақытша шектеу қойылды.

Везувий, Италия

Италияның оңтүстігіндегі Везувий өте қауіпті жанартау ретінде кеңінен танылды. Оның өткені сан алуан дерекке толы. Біздің эрамыздағы 79 жылы Помпей мен Геркуланей қалалары жанартау атқылауынан толығымен жойылған, ал 1906 жылы жаңа атқылаудың кесірінен 218 адамның өмірі қиылған. 1944 жылы тағы бір атқылау орын алды, нәтижесінде жақын маңдағы қалалар қирады. Туристер шыңға көтеріліп, қазір тыныш жатқан кальдераны көре алады. Алайда, сыртқы көрінісі жай көз алдау болуы мүмкін.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мир и его красоты (@natural_w.o.r.l.d_)

Поас, Коста-Рика

Көпіршікті күкіртті бассейн, атқылаған гейзерлер және Поастағы басты кратердің айналасындағы әдемі көк-жасыл көл бұл жерді әлемдегі ең қызықты жанартаулардың біріне айналдырған. Жергілікті гидтер сапарды Сан-Хоседен бастап, ну орман мен жабайы табиғатты зерттеуге, сондай-ақ күкірт буымен тыныстауға арналған бір күндік саяхат ұсынады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от гусиный чай (@goosetea)

Геотермалды бұлақтағы тұман мен бұлт сейілген кезде мұнда жаңбыр мен буға толған күкіртті көпіршікті жасыл көлді көресіз. Көл суы ыстық тау жыныстарының жарықтарынан өтіп, буланып, ыстық бу көздеріне айналады.

Осы жанартаулардың қайсысына бірінші барар едіңіз?

Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.