Круиздік лайнерде белгісіз инфекция тарала бастады

pixabay.com

Cunard компаниясының Queen Victoria круиздік кемесінде белгісіз ішек инфекциясы таралды. Салдарынан кеменің 154 жолаушысы мен экипаж мүшелерінде диарея пайда болып, кенеттен құса бастаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Cunard компаниясының Queen Victoria круиздік кемесінде белгісіз ішек инфекциясы таралды. Салдарынан кеменің 154 жолаушысы мен экипаж мүшелерінде диарея пайда болып, кенеттен құса бастаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Travel Pulse порталының мәліметінше, қазір АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) індеттің неден пайда болғанын зерттеп жатыр. Оның алғашқы белгілері 1 ақпанда тіркелді. Содан кейін науқастардың саны күрт өсті. Бүгінде жұқпалы ауру 129 жолаушы мен 25 экипаж мүшесінен анықталды.

Реклама
Реклама

Queen Victoria 22 қаңтарда Флорида штатының Форт-Лодердейл қаласынан алыс сапарға аттанып, 12 ақпанда Гонолулуға келді. Бортта 1 824 жолаушы және 967 экипаж мүшесі бар. Cunard компаниясы инфекцияның таралуын болдырмау үшін бірқатар шараны қолға алды. Атап айтқанда лайнердегі тазалау және дезинфекция шаралары күшейтіледі, науқас жолаушылар оқшауланады. Қазір барлық жолаушы мен экипаж мүшесі борттағы жағдай туралы хабардар етілген.

Круиздерді бақылайтын CruiseMapper сайтының хабарлауынша, Queen Victoria лайнерінің саяхаты 55 күнге жалғасады. Ол Германияның Гамбург қаласында басталып, Австралияның Сидней қаласында аяқталады деп жоспарланған.

Айта кетейік, круиздік кемеде белгісіз инфекция бір жыл ішінде екінші рет таралып отыр. Алғаш рет инфекция анықталған кезде лайнердегі 100 жолаушы жұқтырған еді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная