Круиз лайнерінде 300-ден аса адам белгісіз вирус жұқтырған

© pixabay.com

АҚШ-та Ruby Cruises компаниясына тиесілі круиз лайнерінің бортында белгісіз вирус жұқтырғандардың қарасы көбейді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі CBS телеарнасы.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та Ruby Cruises компаниясына тиесілі круиз лайнерінің бортында белгісіз вирус жұқтырғандардың қарасы көбейді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі CBS телеарнасы.

Ruby Princess кемесінің 284 жолаушысы мен 34 экипаж мүшесі белгісіз ішек инфекциясын жұқтырған. Ауырғандардың көпшілігінде - құсу және диарея.

Круиз компаниясының өкілінің айтуынша, сырқаттанған жолаушыларды кабиналарда оқшаулаған. АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, кемеде барлығы 2881 жолаушы болған, яғни вирусты шамамен әрбір оныншы турист жұқтырған. Төтенше жағдай құсу мен диареяны тудыратын өте жұқпалы вирус - норовирустан туындаған деп болжанады

Реклама
Реклама

Сарапшылардың пікірінше, "карантиндік кеме" Галвестонға (Техас штаты) тоқтаған және туристер дәрігерлердің көмегін күтіп стыр. Олар әлі де аурудың себебін анықтауға тырысып жатыр. Эпидемиологтар талдау жасау үшін жолаушылардан анализдер алды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная