Круиз жолаушыларының би алаңындағы жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды

АҚШ-тың Манхэттен портында тоқтаған Carnival Cruise Lines круиздік кемесінде кем дегенде 60 адам жаппай төбелес шығарды. Оқиғаның видеосы мен мәліметтерді New York Post жариялады.

Қақтығыс түнгі сағат екіде би алаңында басталды. Екі жолаушының арасында кикілжің туындап, бір-біріне қол жұмсаған. Кейінірек оларға басқа демалушылар қосылады. Кадрларда бірнеше адамның төбелесті қалай ажыратуға тырысқаны көрінеді. Адамдар еденге құлап, бір-біріне соқтығысып жатыр.

Куәгерлердің айтуынша, төбелес шамамен бір сағатқа созылды. Осы уақыт ішінде оның қатысушылары бесінші қабаттан бірінші қабатқа көшті. Лайнердің қауіпсіздік қызметі оқиға туралы АҚШ жағалау күзетіне ескертуге мәжбүр болды. Полиция оқиғаны тергеуді бастады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!