Қозғалтқыш жарылды: желіде ұшақ бортынан түсірілген видео тарады

Әлеуметтік желіде Рио-де-Жанейродан Сан-Паулуға ұшқан лайнердің бортындағы терезеден түсірілген видео вирусқа айналды. БАҚ мәліметінше, әуеге көтерілгеніне бірнеше минут өткен соң қозғалтқышта едәуір ақау пайда болған - жолаушылардың бірі мұны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Сабрина есімді қыз TikTok желісіндегі парақшасында рейс кезінде түсірілген видео жариялаған. Оның видеосы әп-сәтте вирусқа айналып, бес миллионнан аса қаралым жинаған.

Видеодан турбинадан от шашырағанын байқауға болады. Жолаушылар осы жағдайдан әбден қорқып қалған.

Реклама
Реклама

"Өмірімдегі ең қорқынышты сәт, Құдайға шүкір барлығы жақсы аяқталды", - деп жазды қыз бала видео сипаттамасында.

@sacharello o pior momento das nossas vidas, mas graças a Deus deu tudo certo 😭🫶🙏🏻 #acidenteaviao #aviao #aeroportosantosdumont #aeroporto #viajem #trip #fy #turbina #riodejaneiro #companhiaaereagol ♬ som original - Sabrina

Видеоға жеті мыңнан аса пікір жазылған.

Aeroin, басылымының мәліметінше, оқиға 9 қазанда Рио-де-Жанейроның Сантос-Дюмон әуежайынан ұшып шыққан рейсте болған. Ұшқан бетте қозғалтқыштардың бірінде ақау пайда болған.

"Соның салдарынан ұшып шыққаннан кейін 25 минут өткенде ұшақ Риодағы Галеан әуежайына апатты жағдайда қонды", - деп жазады басылым тілшілері.

Ұшақ сәтті қонған, ал жолаушылар Сан-Паулуға басқа рейспен жіберілген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!