Ғалымдар коронавирустың "ұлыбританиялық" штамының жаңа мутациясын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлыбританияның қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің сайтына сілтеме жасап.
Ұлыбританиялық мамандар бұған дейін "оңтүстікафрикалық" және "бразилиялық" вирус штамынан анықталған E484K мутациясы иммундық жауапқа әсер етпей, коронавирусқа қарсы қолданыстағы кейбір вакцинаның тиімділігін төмендететінін айтады. Ұлыбританияда анықталған вирустық генетикалық түрі 11 жағдайда E484K мутациясы табылған.
Мутацияның жаңа түрі вакцинаның тиімділігін төмендететіндіктен инфекция жұқтырып, аурудан айыққандар мутацияға ұшыраған "ұлыбританиялық" штамды жұқтыруы мүмкін.
Еске салайық, кеше, 2 ақпанда Вьетнамда коронавирустың "ұлыбританиялық" штамына ұқсас жаңа түрі анықталған болатын. Бірнеше күн бұрын елде коронавирустың оңтүстік африкалық нұсқасы да табылды, бірақ ол елге шетелден келгендерден ғана анықталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!