Коронавирустың жаңа штамы Балиді туриссіз қалдыруы мүмкін

3 шілдеден бастап Индонезияда коронавирус пандемиясына байланысты әлеуметтік шектеулер күшейтілді. Ел президенті Джоко Видодо тамақтану орындарының жабылатынын, көптеген кәсіпорынның қызметкерлерін қашықтықтан жұмыс істеуге, ал мектеп оқушыларын онлайн оқытуға ауыстыратынын жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

Ең алдымен, шектеулер елдің астанасы Джакарта мен ол орналасқан Ява аралына, сондай-ақ әлемдік туристердің сүйікті мекені - Бали аралына әсер етеді. Дәл осы жерде вирустың таралуы қатты алаңдатып отыр.

Коронавирус инфекциясының жаңа "дельта" штамы Индонезияда тез тарап жатыр. Мәселен, 27 маусымда Индонезияда жаңа штамм жұқтырғандар саны тәулігіне 21,8 мың адамнан асты. Балалар арасында жұқтырғандар саны өте көп. Соңғы бірнеше күнде ол елді жұқтырғандар саны бойынша аймақта екінші орынға шығарды. Президент Джоко Видодоның айтуынша, режим 20 шілдеге дейін жұмыс істейді. 

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!