Коронавирустың әсерінен туризмнің жаңа түрі пайда болды

Коронавирус пандемиясы әлем бойынша саяхаттың айтарлықтай төмендеуіне әкелді. Алайда, қазір дүние жүзіндегі туристер үшін шекараны қайта ашуға мүмкіндік беретін жаңа технологиялар пайда болды. Tengrinews.kz тілшісі ForwardKeys сайтына сілтеме жасай отырып, коронавирустың әсерінен пайда болған туризмнің жаңа түрі туралы әңгімелейді.

Қазір COVID-19 вакцинасы үшін саяхат танымал бола бастады. Бұл үрдіс АҚШ-та байқалады, онда Перу мен Латын Америкасының басқа бөліктеріндегі адамдар вакциналау басталған штаттарға - Аризона, Флорида және Техасқа саяхатқа көбірек бара бастады. Әуе билеттерін брондау операцияларын талдаумен айналысатын ForwardKeys компаниясының соңғы есебіне сәйкес, Техас, Флорида және Аризонаға брондау саны осы штаттарда ересектерге, соның ішінде келушілерге вакциналауды ашқаннан кейін екі апта ішінде күрт өскен.

"Қазір біз вакцинаның туризмді жандандырумен қаншалықты тығыз байланысты екенін көріп отырмыз. Өткен айда Грекия мен Исландия сияқты елдер вакцинаға ашық екенін және бәсекелес елдерге қарағанда көбірек қонақ тартқанын көрдік. Осы айда біз вакциналық туризм деп атауға болатын нәрсенің пайда болуын, яғни вакцина үшін белгілі бір елге сапар шеккен азаматтарды байқадық", - деп түсіндірді ForwardKeys вице-президенті Оливье Понти.

Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.