Түркияның денсаулық сақтау министрлігі елдің курортты аумағында коронавирус жұқтыру дерегі тіркелмегенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Курортты аумақта індет өршіген жоқ. Ондай мәселе де жоқ. Біз Анкара, Ыстамбұл, Конье, Диярбакыр, Газиантеп сынды ірі қалаларда ауру жұқтырғандар саны өскенін көріп отырмыз", - дейді министрлік өкілі.
Ол Анталья провинциясындағы коронавирус статистикасына тоқталды. Онда соңғы аптада COVID-19 жұқтыру дерегі 70-тен 59-ге азайған. Анталья Жерорта теңізі аумағында орналасқан.
Осыған дейін ресейлік БАҚ Түркияда коронавирус індеті өршіп тұрғанын хабарлаған еді.
Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтауы ұйымы әлемде 18 миллионнан аса адам COVID-19 жұқтырғанын, 691 мыңнан аса адам аурудан көз жұмғанын хабарлайды.