Коронавирус кезінде ұшу: бортсерік бірнеше кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Pixabay Фото ©Pixabay

Америкалық бортсерік Кристи Кербель COVID-19 пандемиясынан кейін рейстердің қалай өзгергенін айтты, Kaz.tengritravel.kz тілшісі NZME сайтына сілтеме жасап.


Америкалық бортсерік Кристи Кербель COVID-19 пандемиясынан кейін рейстердің қалай өзгергенін айтты, Kaz.tengritravel.kz тілшісі NZME сайтына сілтеме жасап.

Бортсерік туристердің жаңа ұшу жағдайларына бейімделуі үшін бірнеше кеңес берді.

Біріншіден, қыз сіздің әуекомпанияңыздың қосымшасын жүктеп алуды ұсынады. Оның телефонда болуының көптеген артықшылығы бар. Оның арқасында жолаушылар рейске тіркеліп, багажын қадағалай алады. Ұшақтың қайда екенін анықтайды және рейс туралы хабардар бола алады (өйткені соңғы уақытта рейстер жиі тоқтатылды немесе кейінге қалдырылды).

Сондай-ақ, бортсерік ерекше іс-шараға баратын жолаушыларға тағайындалған жерге бір күн бұрын келуді ұсынады. Бұл жағдайда, егер рейс кейінге қалдырылса немесе басқа күнге ауыстырылса, жолаушының басқа рейстерді қарастыруына уақыт болады. Егер бәрі ойдағыдай болса, онда оған демалу үшін бос күн болады.

Келесі кеңес транзитпен ұшатындарға қатысты. Кристи Кербель рейстер арасында үш сағаттық үзіліс жасауға кеңес береді. Жарты сағат немесе бір сағат - жеткіліксіз, жолаушы келесі рейске үлгермеуі мүмкін.

Сонымен қатар, ол ерте ұшудан қорықпауға кеңес береді (мысалы, таңғы алтыда). Олар жиі кешікпейді немесе басқа күнге ауыстырылмайды. Өйткені ауа райы немесе әуе қозғалысы проблемаларының қаупі төмен. Тағы егер рейс орындалмаса, сол күні ұшуды қайта брондау мүмкіндігі пайда болады.

Сондай-ақ, бортсерік багаж бен қол жүгін алдын ала тексеруге және олардың салмағы немесе габариті бойынша шектеулерден аспайтынына көз жеткізуге кеңес береді. Осылайша, сіз айыппұлдардан аулақ боласыз және өзіңізді де, басқа жолаушыларды да ұстамайсыз.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel