Қорқынышты кинодай: Түркияның танымал курортында тасбақа туристерге шабуыл жасады

Фото: pixabay.com

Анталияда теңіз тасбақасы демалушыларға шабуыл жасады. Туристер қатты қорқып, соңында ауруханадан бір-ақ шықты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Анталияда теңіз тасбақасы демалушыларға шабуыл жасады. Туристер қатты қорқып, соңында ауруханадан бір-ақ шықты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Жергілікті Sabah газетінің мәліметінше, Ақсу ауданында күтпеген жағдай болды. Көрші провинциядан отбасымен келген 10 жасар қыз әкесімен теңізде шомылып жүргенде аяғын бірдеңе тістейді. Содан кейін қыз айқайлайды. Судан шыққан соң ол аяғының астында үлкен тасқа ұқсас нәрсені сезгенін айтты. Алайда, кейінірек кішкентай туриске шабуыл жасаған теңіз тасбақасы екені белгілі болды. Сондай-ақ, ер адам жануар тағы екі демалушыны - ересек пен баланы қатты тістегенін айтты.

Қыз ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер аяғының үстіңгі жағынан бірнеше жерден тікті. Қазір жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр.

Реклама
Реклама

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная