Кореяда жалған құжат жасаған қазақстандықтар ұсталды

Оңтүстік Кореяда босқын мәртебесін беру туралы жалған өтініш берген үш қазақстандық ұсталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі өкілі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"12 ақпанда Корея Республикасының иммиграциялық органдары мәліметінше, Қазақстанның үш азаматы ұсталды. Олардың екеуі қамауға алынды, ал үшіншісі елден шықпау туралы кепілмен босатылды. Бұл мәселе бойынша қылмыстық іс жергілікті прокуратураға жолданды, азаматтар әлеуметтік желілер арқылы босқын мәртебесін беру туралы өтініштер туралы жалған сюжеттер жасап, шетелдіктерге, оның ішінде Қазақстан азаматтарына жалған құжат дайындаған деген күдікке ілінді", - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Сыртқы істер министрлігі мәліметінше, тергеу қазақстандықтардың Кореяда тұратын бірқатар шетелдіктерге босқын мәртебесін алу туралы жалған өтініш бергенін анықтаған.

"Кореяның "Жеке деректерді қорғау туралы" заңына сәйкес Оңтүстік Кореяның құқық қорғау органдары Қазақстан елшілігіне ұсталғандар туралы жеке мәліметтер мен басқа да ақпаратты беруден бас тартты. Өз кезегінде, ұсталған Қазақстан азаматтары Сеулдегі елшілігімізге жүгінбеген және елшілік қызметкерлеріне ақпарат беруге мүдделі емес", - деді СІМ өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!