Консулдық өкілдері Өзбекстанға кірудің жаңа ережелерін айтты

Қазақстандықтар Өзбекстанға кірудің жаңа ережелері туралы сұрап жатыр. Енді шекараны жерүсті пункт арқылы өткен кезінде шекарада экспресс-тест жасау қажет. Саяхатшылардың айтуынша, қазақстандық ПТР-тестілер мен вакцинация туралы куәліктер еленбейді. Толығырақ Kaz.tengritravel.kz материалында.

Қазақстандық Ләззат Құсайынова 4 тамызда Өзбекстанға кірудің жаңа ережелері қолданыла бастаған кезде "Черняевка" кеден бекеті арқылы Ташкентке жеткен. Оның қолында қазақстандық зертханалардың бірінде 72 сағат бұрын жасалған ПТР-тестің теріс нәтижесі болған, бірақ одан шекарада экспресс-тест тапсыруды талап еткен. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды.

Фото: Ләззат Құсайынова

"ПТР-тест Алматыда ұшудан бір тәулік бұрын жасадым. Мен бұл сапарға дайындалдым және Қазақстанда тест жасаудың қажеті жоқ деп ойламадым. Черняевкаға дейін мен ішкі рейстермен ұшқанмын, мұны есте ұстау керек. Шекарада олар біздің нәтижелерімізге мүлдем қарамайды. Олар сізге "ештеңе көрсетудің қажеті жоқ, ақы төлеп, жедел тест тапсыруға барыңыз" дейді. Амал жоқ. Басқа жолмен шекарадан өту мүмкін емес. Мен оны 20 минутта тапсырдым. Оның құны - шамамен 4000 теңге", - деп түсіндірді ол Kaztengritravel.kz тілшісіне.

Фото: Ләззат Құсайынова

Өзбекстан консулдығы коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына қарай Өзбекстанға кірудің жаңа ережелері қабылданғанын хабарлады.

Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жаңа ережелер 1 тамыздан бастап күшіне енген. Өзбекстанға кірудің жаңа ережелері жарияланған құжатқа сәйкес, елге автомобиль шекаралық бақылау-өткізу пункттері арқылы келгендер өз есебінен шекаралық бақылау-өткізу пункттерінде жұмыс істейтін арнайы емханаларда немесе зертханаларда коронавирус инфекциясына қарсы экспресс-тест тапсыруы тиіс және теріс нәтиже туралы анықтама ұсынылған жағдайда ғана ел аумағына жіберіледі.

@Shutterstock 

Өзбекстанға теміржол немесе әуе көлігі арқылы баруды жоспарлағандар рейске/пойызға тіркелу кезінде компания өкіліне ПТР-әдісімен жасалған COVID-19 материалын зертханалық зерттеудің теріс нәтижесін растайтын медициналық құжатты ұсынуы тиіс. Материал жөнелтілгенге дейін кемінде 72 сағат бұрын жасалуы тиіс.

Uzbekistan Airways әуекомпаниясының сайтында Өзбекстан Республикасының жаңартылған талаптарына сәйкес ПТР-тесті екі жастан асқан барлық жолаушы тапсыру керегі көрсетілген. Анықтама Өзбекстанның сапа стандарттарына сәйкес келетін зертханалардан орыс немесе ағылшын тілдерінде болуы мүмкін. Тестің теріс нәтижесі немесе жарамды анықтама болмаған жағдайда жолаушылар рейске жіберілмейді.

Осы шарттар қазақстандық әуетасымалдаушының - "Эйр Астана" сайтында да жарияланған.

Айта кетейік, Өзбекстанда "Uzbekistan. Safe travel GUARANTEED" жобасы іске қосылған. Оған сәйкес Өзбекстанға сапары кезінде COVID-19 жұқтырып, ауырып қалған шетелдік туриске емделуге бөлінген үш мың доллар өтемақы ала алады. Алайда, бір ескерту бар - өтемақы тек Өзбекстанға туристік жолдамамен келген туристерге ғана беріледі. Бағдарламамен толығырақ мына жерден таныса аласыз.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!