Конго шіркеуінде жарылыс болды: 14 адам қаза тапты

Конго Демократиялық республикасының шығысында Касинди қаласында шіркеу маңында жарылыс болып, 14 адам қаза тапты және 30-дан аса адам жарақат алды. Бұл шабуылды "Ислам мемлекеті" террорлық тобы өз мойнына алды, - деп хабарлайды Africanews.com.

Қайғылы оқиға болған күні шіркеуге жүздеген адам жиналған. Шіркеуде орын болмай көпшілігі сыртта тұрған. Куәгерлердің айтуынша, дін қызметкер сөйлеп бастағаннан кейін он минут өткенде жарылыс болған. Ондаған адам күйіп қалып, жарақат алған. Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді.

"Біз дін қызметкерін тыңдап тұрғанымызда жойқын жарылыс болды. Жарылыс салдарынан ұшып кеттік, мен жарақатыма қарамастан, қауіпсіз жерге еңбектей бердім. Жанымдағы адам қимылсыз жатты. Мотоцикл мінген бір адам мені көтеріп, ауруханаға жеткізді", - дейді куәгерлердің бірі.

"Бомба басында жарылды. Денемде қанаған және жарақаттарды көрдім. Біз көп едік, барлығы ауруханаға тезірек жетуді ойлады", - дейді тағы бір зардап шеккен адам.

Конго әскерилері шабуылды "Ислам мемлекеті" атынан көтерілісші угандалық қаскөйлер тобы ұйымдастырған болуы мүмкін. Бастапқыда олар тек Угандада әрекет етті, алайда 90-жылдардан бастап Конго ДР аумағында шабуылдар ұйымдастыра бастады. БҰҰ мәліметінше, кейінгі үш тоқсанда угандалық қаскөйлер кемінде 370 бейбіт тұрғынды өлтіріп, жүздеген адамды тұтқынға алған.

"Мұндай шабуылдар қайталанбасы үшін Үкіметтен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді сұраймыз. Билік өкілдері осындай ірі шараларды алдын ала біліп отырады, сол үшін қауіпсіздік шараларын күшейту қажет, өйткені адамдар жиналған сәтте олардың өміріне қауіп төнеді", - дейді Касинди тұрғыны.

Конго ДР шығысында ондаған жылдар бойы тұрақсыз жағдай орнаған. Бұл аймақта 120-дан аса қарулы жасақтар әрекет етеді. Соның салдарынан алты миллионнан аса адам көшпендіге айналып, жүз мыңдаған адам аштықтан зардап шегіп жатыр.