Қонақүйде оқшауланған саяхатшы қыз жалаңаш түскен суреттерін сата бастады

Аустралияға Бразилиядан ұшып барған саяхатшы қыз қонақүйде карантинде қалып қойып, OnlyFans сервисі арқылы өзінің ашық-шашық түскен суреттерін сата бастаған, - деп хабарлайды Daily Mail.

27 жастағы Лейла Бурате есімді қыз Брисбенге 2020 жылдың желтоқсан айының соңында келген және Grand Chancellor қонақүйінде 14 күндік карантинге оқшауланған. 14 күн өткен соң қыз карантиннен шығуы керек болған, алайда оған тағы да екіапталық карантинде басқа қонақүйде оқшаулануы керектігі айтылған. 

 

Бурате ақша табу мақсатында тыр жалаңаш және іш киіммен түскен суреттерін Желіде жариялай бастаған. "3 қаңтарда OnlyFans сервисінде парақша аштым. Мұны маған досым айтты. Осыдан бәрі басталды. Мен мұны жігітім Фабианмен де сөйлестім, ол мені толықтай қолдады", - дейді бразилиялық қыз. 

Күн санап қыздың аккаунты танымал бола бастаған және сайттағы үздіктер қатарына енген. Алайда саяхатшы қыз көзбе көз кездесіп адамдармен сөйлесу жетпей жатқанын және қамауда болғаннан шаршағанын айтады. "Сәттілік тілеп қойыңыздар. Кем дегенде жаттығулар, Netflix және OnlyFans бар ғой", - деп қорытындылады ол.