Қонақүйде қылмыскерлер жасырынуы мүмкін орындар аталды

Қонақүйдегі бөлмеге кіре салысымен турист есігін жаппай тұрып нөмірдегі үш орынды тексеріп алғаны абзал. Қылмыскерлер жасырынатын нөмірдегі үш орын туралы Flight Bae B лақап атты бортсерік TikTok желісінде видео жариялады.

Жалпылай қонақүйлер қауіпсіз болғанымен жалғыз саяхаттағанда алдын ала сақтанған артық етпейді. Бортсеріктің сөзінше, нөміріне кірген адам онда қылмыскердің жасырынып отырғанын білмей кейін тонау немесе зорлық құрбаны болған жағдайлар кездеседі екен.

Бұл үшін нөмірге кіре сала, есікті жаппай тұрып төсек астын, душ бөлмесі мен шкафты ашып қарап алғаны дұрыс. Ал бөлмеңізде қылмыскер бар болып шықса, ашық есік арқылы жылдам қашып кете аласыз.

Реклама
Реклама

Одан кейін бөлмеде жасырын видеокамера жоғына көз жеткізу керек. Әдетте ондайды - розетка, абажур және вентилацияға орнатады.

Одан кейін сыртта жүргенде қонақ үй атауы мен бөлме нөміріңізді ешкім естімеген жөн. Ал енді ғана танысқан адам қайда тұратыныңызды сұраса, өтірік айта салған қауіпсіз болады екен.