Қонақүйде карантинде болған туристер қысым көрсетілгеніне шағымданды

Қонақүйлерде карантинге оқшауланған туристер күзетшілердің қысымына жаппай шағымданды. Бұл туралы ВВС жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Басылым редакцияға Ұлыбританиядағы қонақүйлерде оқшауланған әртүрлі қонақтан түскен 16 шағым туралы хабарлады. Кейбір қыздар жағымсыз жағдайлар туралы толығырақ айтуға келіскен.

Бір қыз қонақүй қызметкері оның бөлмесінің есігін үнемі қағып тұрғанын айтқан. Ал турист ашпаса, қызметкер кейінірек келетінін ескертіп кеткен. Содан кейін қыз қорыққаннан 10 күн бойы бөлмесінен шықпаған.

Сондай-ақ, әйелдер күзетшілердің оларға өз бөлмесінде бірге фильм көруді ұсынғанын, келісім сұрамай құшақтауға тырысқанын, әлеуметтік желілерде ондаған хабарлама жазғанын және олардың жыныстық қалауына қызығушылық танытқанын айтты.

Тергеуден кейін Ұлыбританияның Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі қонақүйлерге жалғызбасты туристерге әйел күзетшілерді қоюды ұсынды. Егер мұндай жағдай жасалмаса, онда екі күзетші бір қызды ертіп жүруі керек. Бұл жағдайда ер адамдар бір-бірінің мінез-құлқын басқарады деп болжанады.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!