Қонақүйде жақсы бөлмені алудың оңай жолы айтылды

Тәжірибелі саяхатшылар қонақүй қызметкерлерінің клиенттерге бөлмелерді қалай бөлетінін және жақсы бөлме алудың оңай әдісін айтты. Олар тәжірибесін "Яндекс.Зен" сайтында жазды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы.

Туристер бөлмелердің белгілі бір ереже бойынша берілетінін атап өтті. Топ болып келген туристердің шуынан демалатын және түрлі сайт арқылы брондаған туристерге "нашарлау" бөлме беріледі. Ал, ең жақсы бөлмелер қонақүйдің ресми сайты арқылы брондаған қонақтарға беріледі.

Саяхатшылар жақсы бөлме алу үшін ірі желілік қонақүйлердің клиенттеріне арналған жеңілдік бағдарламаларын пайдалануға кеңес берді.

Сондай-ақ олар туристерге әртүрлі онлайн агрегатор мен қонақүй сайтындағы бағаларды салыстыруды да еске салады - шығындардан басқа, тұру шарттары да әртүрлі болуы мүмкін.