Фото: Тұрар Қазанғапов  ©/TENGRINEWS Фото: Тұрар Қазанғапов ©/TENGRINEWS

Қонақүй тазалаушысы бөлмеде қандай гигиеналық зат ауыстырылмайтынын айтты


Қонақүй бөлмесіне орналаспай тұрып, бір затты ауыстыруға 1-2 минут уақыт бөлген дұрыс. Өйткені оны тазалаушы орындамайды. Әңгіме дәретхана қағазының орамы туралы болып отыр. Осы гигиеналық құралға көбірек көңіл бөлудің себебі туралы бұрынғы қызметші және тазалаушы Джанесса Ричард ТикТок желісінде айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru сайтына сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, қонақтар бөлмені босатқаннан кейін қызметкерлер ешқашан дәретхана қағазын ауыстырмайды. Сонымен қатар, бұл тіпті қымбат қонақүйлерде де сондай, деп сендірді ол.

"Егер ұстағышта дәретхана қағазы қалса, олар оны сол жерде қалдырады және орамның эстетикалық жағымды көрінуі үшін ұшын созады", – деді қыз.

Алайда, қонақүй қызметкері бұл оның "жеке тәжірибесі" екенін және кейде басқа қонақүйлерде басқаша болатынын айтты.

Видео бірнеше жүз мың рет қаралды, ал оқырмандар түрлі пікір жазды. Кейбірі "қағазды ауыстырмағанда тұрған ештеңе жоқ, уақыт үнемдеу, қоршаған ортаға артық қоқыс шығармау" деп түсіндірді.

"Мен бөлме үшін 150-200 доллар төлегенде, дәретхана қағазының жаңа орамын күтемін", – деп наразылық білдірді роликтің авторы.

Оның көзқарасын қолдағандар да болды. "Мен әрқашан жаңа қағаз орамасын саламын","Мен кеткенде оның қалғанын алып кетемін" деп жазды кей оқырман.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!





Осыған ұқсас мақалалар

Бортсерік ұшақтан кейін құлақтың бітелуімен күресудің құпиясын ашты Бортсерік ұшақтан кейін құлақтың бітелуімен күресудің құпиясын ашты
Әлемдегі қызметі нашар, көп шағым түсетін 10 әуеакомпания аталды Әлемдегі қызметі нашар, көп шағым түсетін 10 әуеакомпания аталды
Бортсерік жолаушылар жиі қоятын орынсыз сұрақты айтты Бортсерік жолаушылар жиі қоятын орынсыз сұрақты айтты