Қонақүй меймандарының ақылға қонбайтын сұраныстары айтылды

Қонақүй меймандарының адам ойына кіріп шықпайтын сұраныстарының тізімі жасалды. Hotels.com порталы әлемнің 473 қонақүйін қамтып, зерттеу жүргізген, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Меймандардың қонақүй бөлмесіне ақылға қонбайтын тапсырыстарының қатарында бизон еті, ерітілген балмұздақ, ұлудан (моллюск) попкорн, жұмыртқаның ақуызы жоқ омлет, тікенқұрсақ (иглобрюх) балығы және иттерге арналған табаққа күріш салып беру қызметі бар. Әсіресе Оңтүстік Кореядан келген қонақтың тапсырысы зерттеуде ерекшеленіп айтылады, ол өзі шикі балықты әкеліп соны қуырып беруін өтінген.

Негізінде әлемдік қонақүйлерде ең танымал тапсырыс гамбургерге беріледі екен, оған сауалнамаға қатысқандардың 40 пайызы дауыс берген. Hotels.com зерттеуінде бұл нұсқа классикалық клуб сендвичті, пиццаны және чипсы басып озғаны айтылады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!