Көлік жүргізушісі енді қонған ұшаққа қарсы жүрген - видео

Автокөлік жүргізушісі Бангок әуежайының ұшып-қону жолағына шығып кетіп, енді қонған ұшаққа қарсы жүрген. Осы оқиғаның видеосы Daily Mail сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.

Видеода көліктің енді ғана қонған Boeing 777 ұшағына жақын маңда кетіп бара жатқаны түсірілген. Сосын заңбұзушыны полицейлер әуежай маңына шығарады. Видео авторы әуе айлағының күзетшілері мен қызметкерлері өз қызметіне салғырт қарайтынын және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтамайтынын айтады. 

Таиланд құқық қорғау органдары автокөлік жүргізушісін ұстаған. Мас күйде көлік тізгіндеген Пратипат Масакуль есімді азамат екені белгілі болды.  

Медициналық куәландыру нәтижесінде Масакульдің қанынан есірткі заттары анықталған және көлік салонынан есірткі заттары табылған. Енді заңбұзушы әуежайдың шектеу қойылған аймағына өтіп кеткені үшін, заңсыз түрде есірткі сақтау және қолданғаны үшін және мас күйде көлік жүргізгені үшін заң алдында жауап береді.