Кипрде антиковид ережесін бұзғандарға 300 еуро айыппұл салынады

20 шілдеден бастап Кипр Республикасында туристер мен осы арал мемлекетінің тұрғындары үшін антиковид ережелері күшейтілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

COVID-19 вирусының таралуына қарсы күреске байланысты қатаң талаптар енгізілді. Нақтыланған ереже туралы ақпарат республиканың pio.gov.cy ресми сайтында жарияланды.

Елге келген қонақтар үшін көптеген қоғамдық орынға барған кезде CyprusFlightPass (12 жасқа дейінгі балалардан басқа) қажет болады, республика халқы үшін осыған ұқсас SafePass құжаты қарастырылған.

Электрон құжат арнайы форманы толтыру арқылы cyprusflightpass.gov.cy сайтында рәсімделеді. Турист жеке мәліметтерден басқа, рейс туралы ақпаратты, коронавирусқа ПТР-тестінің немесе вакциналау туралы сертификаттың нәтижесін (ресейлік "Спутник V" вакцинасы жарамды) енгізуі керек.

CyprusFlightPass мына орындарда қажет болады:

қонақүйлер мен апартаменттер;
мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда;
сауда орталықтары, дүкендер, жәрмеңкелер (оның ішінде ашық кеңістіктерде);
клубтарда, дискотекаларда, ойын-сауық мекемелерінде;
театрлар мен кинотеатрлар (тіпті ашық аспан астында);
қоғамдық көлікте (оның ішінде катерлерде);
сұлулық салондары, косметологиялық және спа салондары;
банктер;
діни мекемелерде;
кеңселер мен компанияларда (жеке және мемлекеттік).

Әртүрлі бұқаралық іс-шараға (конференцияларға, жазғы мектептерге және т.б.) барған кезде де электрон құжатты ұсыну қажет. Бұдан бөлек туристердің жанында төлқұжат болуы керек.

Жағажайларда, саябақтарда, алаңдарда, ашық ауада өтетін экскурсияларда, пикник алаңдарында CyprusFlightPass қажет емес. Дәріханаларда, минимаркеттерде, наубайханаларда, ет, балық, жеміс-жидек дүкендерінде, егер ғимараттың ішінде қызмет көрсететін персонал мен басқа да қызметкерлерді ескере отырып, адам саны 20-дан аспайтын болса, электрон құжат талап етілмейді.

Кипр Республикасының туристері мен азаматтары құжатты рәсімдемесе, 300 евро айыппұл салынады. Cyprusflightpass және SafePass бар-жоғын мекеме қызметкерлері, арнайы мемлекеттік инспекторлар мен полиция қызметкерлері тексереді. Бақылау органдарына ұсыну үшін әдетте телефондағы немесе басқа гаджеттегі құжаттардың көшірмелерін көрсету жеткілікті.

Қазіргі уақытта ережелер 20 шілдеден 31 шілдеге дейін жарамды болады деп хабарланған. Бұл шараны ұзарту немесе оның күшін жою республикадағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейінірек жарияланады.

Кипрде әлі де ашық ауада да, жабық жерде де маска кию керек, сонымен қатар әлеуметтік қашықтық сақтау керек.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!