Ұшақта жолаушыларды тамақтандыруды ұйымдастыруға түрлі факторлар әсер етеді екен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі TravelRambler-ге сілтеме жасап.
Тасымалдаушылар тамақты ұсына ма, жоқ па, ұсынса қанша мөлшерде екенін өздері шешеді. Тамақтандыру билет құнына кіруі мүмкін немесе бөлек төленеді. Ал эконом санаттағы кей рейстерде ондай мүлде жоқ.
Неге олай? Бизнес санатта жолаушыларды үнемі тамақтандырады, әдетте ол мейрмаханалар деңгейінде әзірленген тағамдар. Ал эконом санатта жолаушыларды тамақтандыруға түрлі фактор әсер етеді: жолдың ұзақтығы, билет құны және нақты бір әуе компаниясының ережелері.
Егер сапарыңыз бір сағаттай ғана болса, жолаушыларға тек сусын ұсынады. Егер 1-3 сағаттай ұшсаңыз - тіске басар ғана береді. 3-6 сағаттық сапарда ыстық тамақ беріледі, 6-8 сағат - толыққанды таңғы ас, түскі немесе кешкі ас және тіске басар жеңіл тамақтар, 8 сағаттан асса - ыстық тамақ екі рет беріледі.
Астың қандай болатынын әуе компнаиялары өздері шешеді, бұған қатысты ортақ ереже жоқ. Ал лоукостерлерде мүлде тамақ берілмеуі мүмкін.
Сонымен қоса, тасымалдаушы жолаушыларды тамақтандырмаса, бұл заңнаманы бұзу емес. Бортта ас ұсыну бәсекелестік замандағы басымдық алу жолы, алайда кейінгі жылдары көптеген әуе компаниялар үнемдік үшін жолаушыларды тамақтандырудан бас тартуда. Мәселен, American Airlines бірінші санаттағы әр жолаушының тағамына бір ғана зәйтүн қоспау арқылы 40 мың доллар үнемдеген.
Сізді бортта тамақтандыра ма, жоқ па қалай білуге болады? Әдетте билет құнына тамақтандыру кірсе, ол арнайы символ немесе әріптермен белгіленеді: В – таңғы ас, L немесе D – түскі ыстық ас, S – тіске басарлар, ал Х – бірнеше рет тамақтандыру.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!