Кеме апаты салдарынан 21 адам қаза тапты

© pixabay.com/cocoparisienne

Маниланың шығысында филиппиндік Рисаль провинциясының аумағындағы көлде жолаушылар кемесі апатқа ұшырап, салдарынан кемінде 21 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Синьхуа" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маниланың шығысында филиппиндік Рисаль провинциясының аумағындағы көлде жолаушылар кемесі апатқа ұшырап, салдарынан кемінде 21 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Синьхуа" басылымына сілтеме жасап.

Кеме Бинангонан қаласынан Филиппиндегі ең ірі Бай көлі арқылы Талим аралына бара жатқан.

Елдің жағалау күзетінің өкілдерінің ресми мәліметінше, қатты соққан жел жолаушылардың үрейін қашырған.

Реклама
Реклама

"Олар кеменің сол жақ бөлігіне қашқан, осылайша аударылған", - делінген хабарламада.

Бастапқыда жағалау күзеті апат салдарынан 30 адам қаза болғанын мәлімдеген. Кейінірек Рисаль провинциясының полициясы 21 адамның суға батқанын және 40 адам құтқарылғанын мәлімдеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная