Индонезия үкіметі кедей туристер үшін Бали аралына баруды шектегісі келді. Бұл туралы Bali Sun жергілікті шенеуніктердің бірінің мәлімдемесіне сілтеме жасап жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Басылым мәліметінше, ел халықаралық туризм үшін ашылғаннан кейін билік бюджеті төмен саяхатшылардың курортқа кіруіне тыйым салуды жоспарлап отыр.
Теңіз істері және инвестициялар жөніндегі үйлестіруші-министр Лухут Бинсар Панджайтан мұндай шешім Балиде "сапалы" туризмді дамыту ниетіне байланысты қабылданғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу үшін арал эпидемиологиялық жағдайы қауіпсіз деп саналатын мемлекеттердің азаматтары үшін ғана ашылады.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!