Қазақстанның қай қалаларынан Мысырға ұшуға болады

Мысыр - қазақстандықтардың демалуы үшін танымал бағыттардың бірі. Бүгінде Қазақстаннан тікелей тұрақты рейс жоқ, сондықтан операторлардан турпакет сатып алып, чартерлерде ұшуға болады. Kaz.tengritravel.kz тілшісі ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап және әуекомпаниялар ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның қай қалаларынан мысырлық курорттарға жетуге болатынын айтып береді.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Қазақстаннан Мысырға аптасына 12 рейс қатынайды.

Нұр-Сұлтан-Шарм-эль-Шейх ( Air Astana – 2, SCAT-3).

Алматы-Шарм-эль-Шейх (Air Astana – 3, SCAT – 3).

Атырау-Шарм-эль-Шейх; (Fly Arystan – 1).

Air Astana әуекомпаниясының мәліметінше, Алматыдан Шарм-эль-Шейхке ұшатын рейстер саны 25 сәуірден бастап аптасына үш есеге дейін артты.

Алматы-Шарм-эль-Шейх - аптасына үш рет: дүйсенбі, сәрсенбі және жексенбі күндері.

Нұр-Сұлтаннан Шарм-эль-Шейхке рейстер әзірге аптасына екі рет: сейсенбі және жұма күндері, 3 маусымнан бастап чартерлер санының өсуі күтілуде. Кесте мынадай болады:

Нұр-Сұлтан-Шарм-эль-Шейх рейсі аптасына үш рет: сейсенбі, сәрсенбі және жұма күндері.

Тасымалдаушының мәліметінше, бұл жазғы бағдарлама 2022 жылдың 28 қазанына дейін жоспарланған.

SCAT әуекомпаниясы Шарм-эль-Шейх курорттық қаласына чартерлік рейстерді де жүзеге асырады. Қазір бес қаладан: Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақтөбе, Шымкенттен рейстер қолжетімді. Тасымалдаушының нақтыланған ақпаратынша, рейстер саны артты:

Шарм-эль-Шейх-Нұр-Сұлтан рейсі аптасына 5 рет: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма және сенбі күндері.

Шарм-эль-Шейх-Алматы рейсі аптасына 5 рет: дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері.

Шарм-эль-Шейх-Ақтөбе рейсі аптасына 2 рет: сәрсенбі және сенбі күндері.

Шарм-эль-Шейх-Шымкент/Қостанай рейстері: 10 күнде бір рет (соңғы ұшу күнінен бастап есептегенде 10 күнде бір рет).

20 мамырдан бастап тасымалдаушы Оралдан 10 күнде бір рет жиілікпен сол бағыт бойынша чартерлік рейсті іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, 29 мамырдан бастап Алматыдан Хургадаға аптасына бір рет жексенбі күндері рейс ашылады.

Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, Fly Arystan тасымалдаушысында өзгеріс жоқ. Атыраудан Шарм-эль-Шейхке аптасына бір чартерлік рейс орындалады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!