Қазақстаннан Шри-Ланкаға тікелей әуе рейстері ашылады

Қазақстандықтарға Шри-Ланкаға тұрақты тікелей әуе рейстері қолжетімді болады. Алғашқы рейс 2021 жылдың 3 желтоқсанында ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

2021 жылғы 3 желтоқсаннан бастап Коломбоға тікелей рейсті "Эйр Астана" әуекомпаниясы әр тараптан аптасына екі рет - сейсенбі және жұма күндері жиілікпен орындайтын болады. Әуежай, отын және өзге де алымдарды қоса алғанда, екі жаққа да экономкласс билеттерінің құны 220 000 теңгеден басталады.

 Сигирия, Шри-Ланка. @Shutterstock

"Рейстер Airbus A321 LR әуе кемесінде орындалады. Алматы - Коломбо рейсінің ұзақтығы 6 сағат 30 минутты, кері бағыт 6 сағат 40 минутты құрайды", - делінген әуетасымалдаушы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Шри-Ланкаға кіру үшін туристер ұшуға дейін кемінде 72 сағат бұрын ПТР-тестін тапсыруы керек. Екі жасқа дейінгі балаларға ПТР қажет емес. Вакцина алған жолаушылар Шри-Ланкаға келгеннен кейін бірінші күні ПТР-тестінен және карантиннен босатылды. Вакцина салғандар бірден Level 2 қонақүйіне қоныстануға және туристік көпіршіктен тыс жерде - шектеулі карантиндік аумақта қозғалуға мүмкіндік алады.

 Мирисса, Шри-Ланка. @Shuttestock

Вакцина алмаған туристер келген кезде ПТР-тест тапсырып, сертификатталған Level 1 қонақүйінде 14 күн карантинде болады және тек саяхат көпіршігіндегі аралға бара алады. Экскурсияға шығуға жергілікті денсаулық сақтау министрлігімен келісілген маршруттар бойынша ғана рұқсат етіледі.

Туристік агенттіктің директоры Максим Паниннің айтуынша, Шри-Ланкадағы туристік жолдаманың орташа бағасы алты күнге бір адамға 300 мың теңгені құрайды. Бағаға ұшу, тұру, тамақтану, топтық трансфер, туркод, сақтандыру және COVID-19 сақтандыру, виза және ПТР-тесті кіреді.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!