Қазақстаннан Мальдивке баратын туристер саны артты

2021 жылы қаңтарда Мальдив аралдарына баратын қазақстандық туристер саны артқан. Жалпы қаңтарда осы жергілікті демалыс аймақтарына 92 103 турист барған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Вестник АТОР басылымына сілтеме жасап. 

Мальдив аралдарына туристер ағыны бойынша Қазақстан (4 434 турист) төртінші орынға шықты. Үздік үштікке Үндістан 19 135 туриспен кірді, ал екінші орынға Украина (19 135 турист) жайғасты. Көшбасшы - 20 973 саяхатшымен Ресей болды. 3921 туриспен бесінші орынға Румыния шыққанын айта кетейік. 

Осы елдерден келген туристер үлесі Мальдивке қаңтарда барған саяхатшылардың үштен біріне - 35,4 пайызға тең. Бір жыл бұрын бұл елдерден келген туристер саны мүлде аз болатын: небәрі 9,65 пайыз.  


© Shutterstock

Пандемия туристер келетін бағыттардың тізімін түбегейлі өзгерткені анық. Өйткені 2020 жылы Мальдивке келген туристер ағыны негізінен Қытайдан, Италиядан, Үндістаннан, Ресейден және Ұлыбританиядан болған, ал 2021 жылы бұл посткеңестік кеңістіктегі елдер.

© Shutterstock

Еуропа елдерінде вакцинацияның басталуына қарамастан, сарапшылардың пікірінше, Еуропаның туристік ағыны қайта басталуы екіталай. Сондықтан ақпан айында және 2021 жылдың көктемінде де бұл көрсеткіш қатты өзгере қоймайды екен. 


© Shutterstock

Жалпы, Мальдив туризм министрлігі 2021 жылы 1,5 миллион турист келеді деп болжайды. Былтырдан бастап туристік ағын 46,9 пайызға, ал желтоқсаннан бастап тағы 4,3 пайызға төмендегеніне қарамастан, саяхатшылар көбейеді деген үмітте. 2020 жылы Мальдивке келушілердің жалпы саны 67,4 пайызға азайған.

Осыған дейін 2021 жылдың бастапқы үш күнінде "жұмақ аралға" келушілер саны 10 360-қа жеткені айтылған еді. Келушілер негізінен Ресей, Украина, Үндістан, Қазақстан және Ұлыбританиядан болған. 

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.